+7 (701) 759 90 19
USD 376.42 EUR 417.41
RUB 6.09 CNY 54.54
Jańalyqtar

Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы төмендейді

2019 жылғы 15 желтоқсан 05:11
Бөлісіңіз:
Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы төмендейді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарт – 15 желтоқсан күні еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы төмендеп, жауын-шашынның түсуі тоқтайды. Құбылмалы күн райы шығыста және оңтүстік-шығыста сақталып, қар жауатыны болжанады. Оңтүстік-шығыста түнде қар молынан түседі. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын сақталады, жел күшейеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Елорда мен 5 облыста ескерту жарияланды Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды Сейсенбі күні елімізде қар жауып, тұман түседі

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Алматы, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Түнде Алматы облысында, күндіз Қызылорда облысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болжанады.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын болып, желдің күші 15-20 м/с артады.

Манғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Түнде Манғыстау облысында, күндіз Батыс Қазақстан облысында желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерін тұман басып, жаяу бұрқасын жүреді.

Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Атырау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT