Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
2021 жылғы 6 желтоқсан 20:50

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазгидромет бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

7 желтоқсанда Атырау облысының батысында, шығысында және орталығында тұман күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстік жартысында көктайғақ, тұман болады

Түнде 8 желтоқсанда Ақмола облысында ауа температурасының 20-28 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, шығысында тұман, көктайғақ болжанады.

Қызылорда облысының орталығында, 8-9 желтоқсанда солтүстігінде тұман түседі

Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын, облыстың оңтүстігінде тұман болады

Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасы 15-20 градус аязға дейін күрт төмендейді.

Түнде 8 желтоқсанда Ақмола, Павлодар, түнде 9 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облыстарында ауа температурасының 20-28 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

Нұр-Сұлтан қаласында 8 желтоқсанда ауа температурасының 25 градус аязға дейін күрт төмендейді.


Jańalyqtar

MURAǴAT