Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 377.33 EUR 424.68
RUB 5.92 CNY 56.17
Jańalyqtar

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

2019 жылғы 9 қаңтар 06:20 431
Бөлісіңіз:
Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның басым аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты  құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде қар, жауын жауады, тек республиканың батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша кей жерлерде көктайғақ, тұман, бұрқасын болып, жел күшейеді.

Ұқсас жаңалықтар
Қазгидромет: Сәуірдің 23-і күнгі ауа райы болжамы Қазақстанда 23 сәуір күні ауа сапасы қандай болады

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлайды.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, күндіз кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға, Жалаңашкөл ауданында 18-23 м/с-ға дейін күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға, түнде екпіні 23-28 м/с-ға дейін күшейеді.

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, Маңғыстау, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болады.

Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі, Ақмола және Павлодар облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Түркістан облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі, күндіз кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ауа райы,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
MURAǴAT