Қазақстанның баскетболдан әйелдер құрамасы Азия кубогында күміске қол жеткізді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қытайдың Чанша қаласында 3х3 баскетболдан Азия кубогы аяқталды. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан әйелдер командасы күміс медаль еншіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сілтеме жасап.

Қазақстан командасы ақтық сында Аустралияға 21:9 есебімен жол беріп, күмісті қанағат тұтты.

Құрлық кубогының қола жүлдесін Жапония құрамасы иеленген. Жартылай финалда Қазақстан құрамасы жапондардан басым түскен болатын.

Өкінішке қарай, ерлер құрамасы қола медаль үшін өткен кездесуде жеңілді. Олар жарыс қожайыны саналатын Қытай командасына 11:14 есебімен жол берді.

Соңғы жаңалықтар