+7 (701) 759 90 19
USD 425.59 EUR 505.43
RUB 5.61 CNY 64.83
Jańalyqtar

Қазақстанның Бас мүфтиі «Таза әлем»  акциясына қатысты

2020 жылғы 14 қазан 15:19
Бөлісіңіз:
Қазақстанның Бас мүфтиі «Таза әлем»  акциясына қатысты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы республика көлемінде өткен «Таза әлем» тазалық акциясына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мағзұм Мырзағалиев экология жол картасы қандай нәтижеге жеткізетінін айтты Ақтөбе облысының экологиялық проблемаларын шешуге бағытталған 33 іс-шара бекітілді ШҚО-да атмосфера сапасын жақсартуға бес жылда 24 млрд теңге жұмсалады

Игі шараны Діни басқарманың Жастар ісі секторы «Рухани келісім күніне» орай ұйымдастырса, еліміздің барлық өңіріндегі өкілдіктер бір мезетте акцияға үлес қосты. Атап айтқанда, имамдар мен дін қызметкерлері, мешіттердің ерікті жамағаты мен жастар атсалысқан акцияда өңірлердің көрікті жерлеріне, мешіттер маңына тазалық жұмыстары жүргізілді.

«Бүгін ҚМДБ-ның Жастар ісі секторы «Рухани келісім күні» аясында республикалық тазалық акциясын өткізіп отыр. Хадистерде «Алла Тағала – таза және таза болғанды жақсы көреді» делінген. Әрине рухымызды, тәнімізді таза ұстау – мұсылманшылық міндетіміз. Сонымен қоса табиғатты аялау, оны таза ұстау да – мұсылманның міндеті. Сондықтан бүгінгі шара –Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннетін жалғастырудың бір көрінісі. Алла Тағала ниетімізді қабыл еткей! – деді Бас мүфти.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мәліметінше, «Таза әлем» республикалық тазалық акциясына еліміздің түкпір-түкпірінде 500-ге жуық ерікті жастар қатысты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT