+7 (701) 759 90 19
USD 439.01 EUR 474.61
RUB 5.75 CNY 61.91
Jańalyqtar

Қазақстанның Бас мүфтиі азаматтарымызды ортақ ымыраға шақырды

2020 жылғы 10 ақпан 17:21
Бөлісіңіз:
Қазақстанның Бас мүфтиі азаматтарымызды ортақ ымыраға шақырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Масанчи ауылдағы оқиғаға байланысты байқаусызда өзге бауырымызға қиянат жасап қоюдан сақ болуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Бас мүфти «Biz_birgemiz» атты қайырымдылық керуеніне қатысты ҚМДБ коронавирустың алдын алу шараларына қатысты үндеу жариялады Ақтөбелік әйел пәтер жалдап, теріс ағымды насихаттап келген

«Жамбыл облысы Масанчи ауылындағы келеңсіз жағдай бізді де алаңдатып отыр. Мұсылман баласының мәселенің анық-қанығын білместен, дауға араласып, өз бауырына залал тигізуі дұрыс емес. Азаматтарымызды ортақ ымыраға шақырамыз. Жекелеген адамның өзара келіспеушілігі бұқаралық сипат алып кетпеуі керек деп ойлаймыз. Өйткені, ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мұсылман үмбеті жақсы істер үшін ғана жиналатынын өсиет еткен. Пайғамбар жолын ұстанған мұсылман мұндай амалға әсте бармайтыны белгілі»,- деді Қазақстанның Бас мүфтиі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы сабырға келуі жақсылыққа апаратындығын баса айтты.

«Байқамастан өзге бауырымызға қиянат жасап қоюдан сақ болғанымыз қайырлы. Алауыздықтан абай болғанымыз абзал. Қоғамдағы тыныштық әрқайсымыздың отбасымыз үшін аса маңызды құндылық екені мәлім. Біздің халқымыз үшін бірлік пен бейбітшілік қашан да басты байлық саналған. Мемлекетіміздің игі бастамалары да еліміздегі бірлікті қамтамасыз етуге, ұлттар мен діндер арасындағы өзара татулықты нығайтуға бағытталған. Алла Тағала халқымыздың бірлігі мен берекетін, бейбітшілігі мен амандығын арттырғай», - деді Наурызбай қажы Тағанұлы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Дін, Қордай оқиғасы,
Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT