Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.34 EUR 427.25
RUB 5.88 CNY 54.57
Jańalyqtar

Қазақстанның бас экологы #TazaQazaqstan акциясын жариялады

2019 жылғы 16 шілде 10:16
Бөлісіңіз:
Қазақстанның бас экологы #TazaQazaqstan акциясын жариялады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев #Birge #TazaQazaqstan акциясын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанның барлық аймақтарында радиологиялық мониторингі жүргізілді Бір күнде елдегі өзен-көлдерден 95 км тор табылды Атыраулық «Жасыл ел» сарбаздары облыс аумағын 180 текше метр қоқыстан тазартты

Бас эколог өзінің Twitter парақшасында Нұр-Сұлтан қаласының маңындағы су қоймаларының жағдайы мәз емес екенін жазды.

«Қаламыздың жақын маңдағы су қоймаларының біраз жерін аралап шықтым. Аумақтардың жағдайы мәз емес, айнала қоқыс, адамдардан қалған қалдыққа толы. Аяқ алып жүргісіз қоқыс үйінділері үйреншікті құбылысқа айналған. Проблеманы тек әкімшілік әдіспен шешу мүмкін емес, қоғамның бірлігі қажет», - дейді ол.

Министр бұл проблемаға қоғам назарын аудару үшін #Birge #TazaQazaqstan акциясын бастайтынын хабарлады.

«Осыған орай, #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясы жөнінде хабарлағым келедi. 20 шілдеде Қоянды су қоймасын тазалаудан бастаймыз. Қоршаған ортаның тазалығын қалайтын барлық азаматтарды, қоғам қайраткерлерін, Үкімет мүшелері мен экология белсенділерін бірге қатысуға шақырамын», - деді Мағзұм Мырзағалиев.

Кейін министр акцияға атсалысу үшін қай жерден жиналу қажеттігін де көрсетті.

«Жиын 20 шілдеде 8:00 бен 8:30да Триатлон паркі тұрағынының жанында (кiру Момышұлы мен Қошқарбаев қиылысынан) болады. Сол жерден барлығымыз автобуспен акция орнына жететiн боламыз. Тамақ пен қажетті құралдар ұйымдастырылады. Жақсы көңіл-күймен келiп, игі iске атсалыңыздар», - деп үндеу тастады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Аударма:

Есімжан Нақтыбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT