Қазақстанның барлық өңірінде мемқызметтің эксаумақтық қағидаты енгізіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің эксаумақтық қағидаты еліміздің барлық өңірінде енгізіледі.

Бұл туралы бүгін ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Мемлекеттік қызметтер басқармасының бастығы Нұрлан Рахымғалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2016 жылғы 1 сәуірден бастап республиканың үш өңірінде мемлекеттік қызметті алу рәсімін оңтайландыру және оңайлату мақсатында Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында көрсетілетін мемлекеттік қызметтің эксаумақтық қағидатын енгізу бойынша ілкі жоба іске асырылуда. Ол салық төлеушінің есепке алу-тіркеу орнына байлаулы болмауы яғни, кез келген мемлекеттік кірістер органдарында қызметті алу мүмкіндігін көздейді», - деді ол.

Басқарма басшысының айтуынша, бүгінгі таңда осы қағидат бойынша 667 мемлекеттік қызмет, оның ішінде  120 қызмет екінші тоқсанда және 547 қызмет үшінші тоқсанда көрсетілген.

«Ол осы жобаға деген салық төлеушілердің қызығушылығын білдіреді. Аталған ілкі жобаның қортындысы бойынша мемлекеттік қызметті көрсетудің бұл моделі ҚР-ның барлық аумағында енгізілетін болады», - деді Рахымғалиев.

Соңғы жаңалықтар