Қазақстанның барлық өңірінде дерлік ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет ауа райының бұзылуына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

7 наурызда Атырау облысының солтүстігінде, шығысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші - 15-20 м/с.

7 наурызда Абай облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде жауын-шашын, күндіз облыстың солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) жауады. 8 наурызда жауын-шашын, облыстың оңтүстік-батысында, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. 7-8 наурызда облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, 7 наурыз күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында 15-20, екпіні 25 м/с, 8 наурызда 15-20, екпіні 23-28 м/с, облыстың орталығында кей уақытта 30 м/с және одан асадфы. 7-8 наурыз күндіз ауа температурасы 3-8 градус жылы, 7 наурызда облыстың оңтүстігінде 11 градус жылы.

7 наурызда түнде Қарағанды облысының батысында, күндіз басым бөлігінде жауын-шашын, облыстың солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, көктайғақ. 07 наурызда облыстың оңтүстік-шығысында тұман. 8 наурызда облыстың оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-шығыстан жел оңтүстік-батысқа ауысады, 07 наурызда түнде облыстың батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 07-түнде 08 наурызда 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28, кей уақыттарда 30 м/с және одан да аса, күндіз 08 наурызда облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с. 07 наурызда күндіз ауа температурасы 2-7, облыстың оңтүстігінде 10 градус жылы. Қарағанды қаласында оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

8 наурызда Түркістан облысында жаңбыр, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. 8 наурызда күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарда найзағай. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, 7 наурызда түнде облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, кей уақытта екпіні 23-28 м/с, облыстың таулы асуларында 30 м/с асады. 8 наурыз түнде облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с, таулы асуларында кей уақыттарда - 30 м/с. Күндіз облыстың шығысында, таулы аудандарында - 15-20 м/с.

7 наурыз күндіз Ақмола облысының басым бөлігінде жауын-шашын, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. 8 наурыз түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қар жауады. 7 наурызда облыстың батысында, солтүстігінде, 8 наурызда облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. 7 наурызда облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, 8 наурызда облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ. 7 наурызда облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, 7 наурыз түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с, 8 наурызда 15-20, облыстың шығысында екпіні 23-28 м/с, түнде кей уақытта 30 м/с және одан асады.

8 наурызда Павлодар облысында түнде жауын-шашын, облыстың оңтүстігінде, орталығында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың шығысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың шығысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні - 23-28 м/с, кей уақытта 30 м/с асады.

8 наурызда Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақытта - 30 м/с.

Астана қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні - 17-22 м/с.

7 наурыз түнде Маңғыстау облысының солтүстік-батысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан желш соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде екпіні - 15-20 м/с.

7 наурызда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні - 15-20 м/с.

7 наурызда Алматы облысының батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыс желі, екпіні - 15-20 м/с.

8 наурыз күндіз Жамбыл облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. 7-8 наурызда түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Күндіз 08 наурызда облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, таңертең және күндіз 7-8 наурызда екпіні 23-28 м/с жетеді.

7 наурызда Ұлытау облысында жауын-шашын, күндіз солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Облыстың шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батыстан жел ауысады, түнде облыстың батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, кей уақытта екпіні - 23-28 м/с.

7 наурыз күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, түнде облыстың шығысында - 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде - 15-20, екпіні - 23-28 м/с.

7 наурызда Қостанай облысының басым бөлігінде қар, облыстың оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз батысында, солтүстігінде, орталығында қатты қар. Облыстың солтүстік жартысында бұрқасын. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде көктайғақ, тұман. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстікке ауысады, облыстың басым бөлігінде 15-20, күндіз облыстың шығысында екпіні 23 м/с.

7 наурыз түнде Ақтөбе облысының батысында, орталығында қатты жауын-шашышн (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың солтүстігінде көктайқақ күтіледі. Күндіз облыстың шығысында жаяу бұрқасын соғады. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады күші, облыстың оңтүстігінде, орталығында, шығысында екпіні - 15-20 м/с.

7 наурызда Қызылорда облысыныңорталығында, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Оңтүстіктен соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 25 м/с жетеді.


Соңғы жаңалықтар