Қазақстанның барлық медицина ұйымына түгендеу жүргізіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның барлық медицина ұйымына түгендеу жүргізіледі. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2021 жылғы 26 қаңтарда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды жүзеге асыру аясында медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасына бағалау жүргізуді және босандыру, реанимация қызметтерін жаңғырту жоспарланып отыр», - деді Алексей Цой министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.

Оның айтуынша, бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін қысқа мерзім ішінде денсаулық сақтау саласының барлық медициналық ұйымына түгендеу жүргізіліп, босандыру және реанимация қызметтерінің материалдық-техникалық базасы нығайтылатын болады.

«Ауылда медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшінжұмыс істеп тұрған 13 ауданаралық ауруханаға қосымша тағы 25-ке дейін ауданаралық аурухана ашылады. Сол арқылы «алтын сағат» ұстанымын сақтау қамтамасыз етіліп, халыққа көрсетілген медициналық қызмет санының мультипликациялық әсері болады. Қорытыдысында қызмет алатын халықтың болжамды саны 2,5 млн адамнан 5,2 млн адамға дейін артады», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар