Қазақстанның барлық ірі қалаларында ауа сапасы жақсарады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның барлық ірі қалаларындағы метеорологиялық жағдай 10 тамыз күні жайлы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Тек Балқаш қаласында жағымсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады.

Ал өзге қалаларда ауа сапасына кері әсер ететін метеожағдайлар болмайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Соңғы жаңалықтар