+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Қазақстанның барлық азаматы волонтер бола алады

2020 жылғы 12 ақпан 13:59
Бөлісіңіз:
Қазақстанның барлық азаматы волонтер бола алады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның барлық азаматы волонтер бола алады. Бұл туралы волонтерлердің «BIRGEMIZ» республикалық фронт-кеңсесін ресми іске қосу шарасында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Халықаралық зерттеуге сәйкес, Қазақстан әлі күнге дейін волонтерлік қызмет деңгейі төмен елдер тобында тұр. Волонтерлік мәдениет, дәстүр, ынталандыру жеткілікті дамымаған. Есепке алу және ынталандыру жүйесі де дамымай отыр. Міне осының барлығын біз осы жылы шешіп, волонтерлікті жаңа деңгейге көтеруміз қажет», - деді министр.

Оның атап өтуінше, дәл осы проблемаларды шешу үшін республикалық волонтерлік фронт-кеңсе іске қосылып отыр.

«Яғни, Қазақстанның барлық азаматы келіп тіркеліп, волонтер бола алады. Бұған қоса, біз азаматтарымыздың барлық қажеттілігін осы жерге шоғырландырамыз. Бұл оларға көмектесе алуымыз үшін жасалады. Сондай-ақ 17 облыста өңірлік кеңсе ашамыз және мұның барлығы бірыңғай жүйемен жұмыс істейтін болады. Call-орталық жұмыс істейді», - деді Дәурен Абаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT