Қазақстанның Әзербайжанмен әуе қатынасын қалпына келтіру шілдеден бастап қарастырылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы әуе қатынасын қалпына келтіру 1 шілдеден бастап қарастырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

«Әзербайжандағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты Әзербайжан тарапы халықаралық рейстерге тыйым салуды 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартты.
Осыған байланысты Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы тікелей әуе рейстерінің жандануы аталған күннен кейін қарастырылатын болады», делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар