Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Qazaq Air әуе компаниясына жоспарлы инспекция жүргізуде

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Qazaq Air әуе компаниясына жоспарлы инспекцияны бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің Telegram арнасына сілтеме жасап.

«Әуе компаниясыыың ұшуды пайдалану, ұшуға жарамдылығы және медициналық саладағы, сондай-ақ лицензиялар мен сертификаттар беру бойынша қызметі тексеріледі. Қазақстанның авиациялық әкімшілігі жылына кемінде бір рет әуе кемелерін пайдаланушыларға инспекция жүргізеді», - делінген комитеттің хабарламасында.

«Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ Бас директорының бірінші орынбасары Линда Орлэдидің айтуынша, әуе арқылы қызмет көрсететін компаниялар жылына кем дегенде бір рет тексеріледі. Qazaq Air әуе компаниясын тексеруге 10 маманнан тұратын инспекциялық комиссия жолданады. Алайда бұл тексерістің өткен сенбідегі Qazaq Air компаниясының ұшақтарына қатысты оқиғаларға қатысы жоқ.

Еске сала кетсек 12 ақпанда сағат түнгі 23.20-да елордада Qazaq Air әуе компаниясының Нұр-Сұлтан – Шымкент бағытындағы QAZ427 рейсінде оқыс оқиға тіркелген болатын. Ұшақтың ортаңғы шассиінің тысы жарылып, онымен ұшақ 700 метрдей қозғалып үлгерген. Осыдан соң әуе кемесі тұраққа жеткізілген еді.




Соңғы жаңалықтар