USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдері қай елдерге экспортталады

2021 жылғы 30 қараша 11:11
Бөлісіңіз:
Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдері қай елдерге экспортталады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ағымдағы жылдың 9 айында экспорт 950,5 млн долларды құрады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау облысында жаңа жобаларға 8,3 трлн теңге инвестиция тартылады Батыс Қазақстан облысын дамытудың кешенді жоспарында қандай жобалар қамтылған Еліміздің батысындағы 4 облысты дамытудың кешенді жоспары қабылданды

«Ағымдағы жылдың 9 айында экспорт 950,5 млн долларды құрады. Экспорт көлемінің өсімі 2,4%-ға жетті. Сүт өнімдері бойынша 2%-ға, макарон өнімдері бойынша 37,4%-ға, күнбағыс майы бойынша 11,7%-ға ұлғаю байқалды. Агроөнеркәсіптік кешен өнімдері экспортының жалпы көлеміндегі өңделген өнім экспортының үлесі 37%-ды құрайды. Бұл деңгейді біз өндіріс көлемін ұлғайту және экспорт үшін кедергілерді жою есебінен 70%-ға дейін екі еселеуге тиіспіз», - деді Е. Қарашөкеев Үкімет отырысында.

Экспорттың негізгі бағыттары – бұл Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер мен Орталық Азия елдерінің (Өзбекстан, Тәжікстан), Ауғанстанның, сондай-ақ Еуропа елдерінің (Германия, Италия) дәстүрлі өткізу нарықтары.

«Ұлттық жоба аясында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласына инвестициялар тартуды ынталандыру үшін шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша инвестициялық субсидиялар, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің лизингі мен кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемелері, өңдеуші кәсіпорындардың шикізат сатып алуға арналған шығындарын субсидиялау сияқты мемлекеттік қолдаудың барлық шаралары сақталды. Жалпы, Ұлттық жобаны іске асыру нәтижесінде бес жыл ішінде тамақ өнімдерін өндіру көлемін 1,5 есеге ұлғайту, сондай-ақ салаға 700 млрд теңгеге дейін инвестиция тарту жоспарланып отыр, бұл қосымша 7 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етеді», - деді министр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT