Қазақстанның Әуе қорғанысы Израиль мен Қытайдың пилотсыз ұшу аппараттарын пайдаланып жүр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің Әуе қорғаныс күштері пилотсыз ұшу аппараттарының қатарын түркиялық құрылғымен толықтармақшы. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі аппарат басшысының міндетін уақытша атқарушы редакциялық сауалымызға жолдаған жауабында айтты, деп жазады ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл еліміздің Әуе қорғанысы күштеріне түріктің «Аnka» барлау және соққы беруші аппаратын жеткізу жоспарланған. Жалпы еліміздің Қарулы Күштерінде әр түрлі мақсаттағы ҰҰА бар. Атап айтқанда израильдің «Skylark-1», қытайдың «Wing Loong» құрылғылары қолданылады», - деп жазылған ресми жауапта.

Алайда аталған қондырғылардың нақты саны құпия дерек болып есептеледі.

«Қолданыстағы ұшқышсыз ұшатын аппараттардың нақты саны жөніндегі ақпарат таратылуы шектеулі мәлімет болып саналады», -делінген министрліктің жауабында.

Еске cалсақ, Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Руслан Шпекбаевтың еліміздің әскерін қару-жарақпен қамтамасыз ету туралы мақаласында Қазақстан түріктің «Anka» тектес дрондарын сатып алу мәселесін қарастырып жатқаны айтылған болатын.


Фото: gov.kz
Соңғы жаңалықтар