Қазақстанның әуе кеңістігінде дрон ұшырудың тәртібі айқындалды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда пилотсыз ұшу аппараттарын әуе кеңістігінде пайдаланудың ережесі бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ИИДМ Азаматтық авиация комитеті «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде пилотсыз ұшу аппараттарын пайдалану қағидаларын» әзірледі.

Ереже ұшу кезіндегі қауіпсіздікті жан-жақты қамтамасыз ету мақсатында даярланған.

Айта кетсек, соңғы уақытта әлемде ұшқышсыз авиация нарығы қарқынды дамуда. Кейбір жағдайларда пилотсыз ұшу аппараттары қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан әуе кемелерінің ұшуы кезінде бірқатар қолайсыздық тудыруда. Бұл өз кезегінде оқыс оқиғаларға әкеп соғуы мүмкін.


Соңғы жаңалықтар