Қазақстанның әу бастан таңдаған жаңару жолы өзін-өзі ақтады - Қ. Тоқаев

None
None
күйектің 25-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қазақстан әу бастан президенттік басқару моделі негізіндегі жаңару жолын таңдады әрі бұл жол өзін-өзі ақтады. Бүгін Астанада өтіп жатқан Азиялық саяси партиялар Халықаралық конференциясы Бас Ассамблеясының 5-ші жиыны барысында сөз сөйлеген ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай айтты,

  деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Қазақстанның таңдаған жаңару жолы мемлекетімізді КСРО құлағаннан кейінгі экономикалық және саяси бей-берекетсіздікке ұрындырмай, өзін-өзі ақтады. Сонымен бірге, өткен жылдар ішінде біздің еліміз демократияның маңызды институты болып табылатын парламентаризмді нығайту жолымен жүріп келеді. Қазақстандағы жаңа түрдегі Парламенттің қалыптасуы, оның рөлі мен беделінің нығаюы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Депутаттық корпустың белсенді жұмысының арқасында қоғамның түп тамырынан қайта құрылу негізін қалыптастырған, Қазақстанның құқықтық нарықтық, әлеуметтік экономикаға бағдарланған жаңа заңдар қабылданды», деді сөз барысында Сенат Төрағасы. Сондай-ақ Қазақстанда қалыптасқан мемлекеттік құрылыстың негізгі бағыттарына назар аударған Қ. Тоқаев, еліміздегі саяси жүйенің, қоғамдық институттарының жаңару жолдары жайында да әңгіме өрбітті. Қоғам дамуын қамтамасыз ету барысында Парламенттің қабылдаған заңдарына, демократиялық үдерістерді одан сайын дамыту мәселесіне де тоқталды.

 «Соңғы онжылдықта бүкіл әлем бойынша саяси үдерістер айтарлықтай өзгеріске түсті. Бүгінгі күні «Нұр Отан» ХДП Қазақстанның  ең ауқымды саяси ұйымы болып табылады. Ол елдегі саяси жүйенің негізін құрайды,  Парламенттегі көпшілікке ие болып отыр әрі Үкімет пен жергілікті өкілетті органдар қалыптастыру күшіне ие болып отыр», деді Қ. Тоқаев.  

Соңғы жаңалықтар