+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.70 EUR 427.15
RUB 6.06 CNY 54.57
Jańalyqtar

Қазақстанның әскери ұшқыштары Ресейдегі байқауда екінші орын алды

2019 жылғы 20 тамыз 16:13
Бөлісіңіз:
Қазақстанның әскери ұшқыштары Ресейдегі байқауда екінші орын алды

РЯЗАНЬ. ҚазАқпарат - Ресейде өткен «Авиадартс – 2019» байқауында Қазақстан командасы екінші орынды жеңіп алды. Ел намысын Талдықорғандағы 21751 әскери бөлімінің ұшқыштары қорғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің ресми сайтында мәлім етілгендей, жойғыш ұшақтар арасындағы сынға түскен әуе қырандарының білімі мен машығы 3 кезең бойынша бағаланды. Алғашқысында экипаж мүшелерінің физикалық дайындығы сараланды. Яғни, мамандар кермеге тартылып, суда жүзген. Бұдан кейін байқауға қатысушыларды арнайы дөңгелекте айналдырып, шыдамдылығы тексерілген.

Екінші кезеңде әуе кемесімен көкке көтеріліп, жердегі нысанды іздеткен. Соңғы сында қос ұшақ қосарласа ұшып, зеңгір көкте түрлі жаттығуларды орындады. Сондай-ақ нысананы көздеп ату бойынша өз шеберліктерін көрсетті.

«34 мемлекет өкілі қатысқан байрақты бәсекеде ұшқыштар былтырғы нәтижесін қайталады. Әуе қорғанысы күштерінің әлеуетін паш еткен саңлақтар бүгін СУ 30 СМ ұшағымен Талдықорғанға келді. Оларды басшылық құрам құттықтап, өз ризашылығын білдірді», - делінген ақпаратта.

«Бұл ұшқыштардың ғана емес, бүкіл Қарулы Күштердің жеке құрамының жеңісі. Өйткені, Авиадартсқа дайындалу кезінде барлығы қатысты. Барлығы дайындалды. Осы ойын арқылы бүкіл қатысқан елдерге Қарулы Күштердің күшін, мәртебесін дәлелдедік деп ойлаймын», - деді 21751 әскери бөлімінің аға ұшқышы Нұржан Нұрбаев.

«Авиадартс – 2019» байқауында бірінші орынды – Ресей, екінші орынды Беларусь командасы жеңіп алды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ресей, Әскер,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT