Қазақстанның Әскери-теңіз күштері сарбаздармен толықты

None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Ақтау гарнизонының Әскери-теңіз базасына пойызбен 3 мың шақырымнан аса жол жүріп өтіп, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарынан әскерге шақырылғандардың алғашқы легі жетті. Бұл туралы ҚазАқпарат Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жас сарбаздарды әскери оркестрдің сүйемелдеуімен күтіп алды. Матростарға бөлімшенің командалық құрамы таныстырылып, олар қызмет ететін әскери бөлімнің тарихы жайлы айтылды.

Бастапқыда әскерге келгендер негізгі оқу пәндерінен бір айлық жалпы әскери дайындық курсынан өтеді. Сабақтарды аса тәжірибелі және барынша дайындалған офицерлер мен старшиналар жүргізеді.

«Борышымды өтеу үшін мен Павлодар облысынан келдім. Отанды қорғау – Қазақстанның әрбір азаматының борышы деп санаймын. Мен әскери теңізші деген атақты абыроймен алып жүруге тырысамын. Бір жыл көзді ашып-жұмғанша тез өтеді, бастысы пайдалы нәрсе үйренуге кетеді деп ойлаймын», - деді әскерге жаңа келген Аян Масықбаев.

Жас жауынгер курсынан және әскери ант беру рәсімінен кейін теңізшілер Әскери-теңіз күштерінің әртүрлі корабльдер дивизионындағы жауынгерлік кемелерде қызмет ететін болады.


Соңғы жаңалықтар