Қазақстанның әскери кемесі Әзербайжанның су айдынына жорыққа шықты

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Әскери-теңіз күштері «Маңғыстау» зымыран-артиллериялық кемесінің экипажы «Теңіз кубогы-2019» халықаралық байқауы шеңберінде Каспий теңізінің су айдынында Әзербайжан ӘТК жауынгерлік даярлық полигондарына штурмандық таныстырылым жорығына шықты, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Әскеритеңізшілер көрсетілген ауданда байқау кезеңдерінің орындалуын есептеп, рейдтікжабдықтың орнатылуын, навигациялық қоршауларды тексерді, оқ атуға арналғаннысаналарды қарап шықты. Кеме экипажыбайқаудың негізгі эпизодтары бойынша теңіздегі алғашқы жаттығуын өткізді.


«Теңізкубогы – 2019» - бұл Армиялықхалықаралық ойындар бағдарламасы байқауларының бірі. Сайыс 5-15 тамызаралығында Әзербайжан ӘТК «Пута» әскери-теңіз базасында өтеді. Әскеритеңізшілерге теңіз және әуе нысыналарына дәл тигізе отырып, оқ атуда өздерініңшеберліктері мен дәлдіктерін көрсетуге тура келеді.


Сондай-ақ,жекелей кезеңде кемені зәкірге және арқанға байланатын бөшкеге қою,теңізшілердің құтқару дайындығы, кеменің төзімділігіне күресу жарыстарыболады.

Сайысқабарлығы төрт елдің, яғни, Әзербайжан Республикасы, Иран Ислам Республикасы,Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының командалары қатысады.

Соңғы жаңалықтар