Қазақстанның әскери кемесі Әзербайжанның су айдынына жорыққа шықты
Әскери теңізшілер көрсетілген ауданда байқау кезеңдерінің орындалуын есептеп, рейдтік жабдықтың орнатылуын, навигациялық қоршауларды тексерді, оқ атуға арналған нысаналарды қарап шықты. Кеме экипажы байқаудың негізгі эпизодтары бойынша теңіздегі алғашқы жаттығуын өткізді.
«Теңіз кубогы – 2019» - бұл Армиялық халықаралық ойындар бағдарламасы байқауларының бірі. Сайыс 5-15 тамыз аралығында Әзербайжан ӘТК «Пута» әскери-теңіз базасында өтеді. Әскери теңізшілерге теңіз және әуе нысыналарына дәл тигізе отырып, оқ атуда өздерінің шеберліктері мен дәлдіктерін көрсетуге тура келеді.
Сондай-ақ, жекелей кезеңде кемені зәкірге және арқанға байланатын бөшкеге қою, теңізшілердің құтқару дайындығы, кеменің төзімділігіне күресу жарыстары болады.
Сайысқа барлығы төрт елдің, яғни, Әзербайжан Республикасы, Иран Ислам Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының командалары қатысады.