Қазақстанның әскери кемелері Каспий теңізінде оқу-жаттығу өткізді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Каспий теңізінде Қазақстанның әскери және шекаралық кемелері әуе шабуылына қарсы төтеп беру бойынша оқу-жаттығу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі tumba.kz ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Жедел-тактикалық оқу-жаттығу аясында ҚР Әскери-теңіз күштерінің соғыс кемелерінің дивизиондары Қазақстан Республикасының ҰҚК Шекаралық қызметінің Жағалау күзетінің катерлері мен кемелерінің дивизиондары бірлесе әрекет етті. Олар кемелер мен әуе шабуылына қарсы әскери міндеттерді орындай отырып, қарсылас әскердің әуе шабуылына төтеп беру әдіс-амалдарын іске асырды. Әуе шабуылына қарсы рөлді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің екі тікұшағы атқарды.

«Кемелер мен катерлерді біріктіруге арналған практикалық оқу-жаттығуды жүргізу барысында шартты қарсылас ретінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің авиациялық базасының екі тікұшағы әуеге көтерілді. Жаттығу барысында әскерилер мен шекарашылардың алдына қойылған тапсырма орындалды. Кемелер мен катерлердің техникалық құралдары мен қарулары кемшіліксіз жұмыс істеп тұр. Оқу-жаттығу сәтті өткізілді», - деді 21814 әскери бөлімінің әртекті кемелері дивизионының командирі, 3 дәрежелі капитан Бауыржан Мұратұлы.

Соңғы жаңалықтар