Қазақстанның әскер әлеуеті бойынша рейтингі жақсарды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан әскери күш-қуат бойынша әлемдік рейтингте позициясын жақсартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат GFP-ге сілтеме жасап.

Өткен жылы еліміз 55-ші орында болса, биыл 50-ші орынға көтеріліп, Әзербайжан (53-орын), Дания (54-орын) Финляндия (59-орын), Аустрия (61-орын), БАӘ (65-орын) және Иордания (76-орын) сынды мемлекеттерді артқа тастады.

Биылғы жылдың рейтингінде Қазақстан Сирия (49-орын) және Эфиопиямен (51-орын) бір қатарда тұр.

Айта кетейік, АҚШ өткен жылғыдай рейтингте көш бастап тұр. Екінші орынға - Ресей, үшінші орынға Қытай орналасқан.

Әскери әлеуеті мықты державалардың ондығына, сондай-ақ Үндістан (4-орын), Франция (5-орын), Ұлыбритания (6-орын), Оңтүстік Корея (7-орын), Жапония (8-орын), Түркия (9-орын) және Германия (10-орын) сынды елдер енді.

Рейтингке барлығы 136 мемлекет енген. Биыл оған Ирландия, Черногория және Либерия қосылды.

Рейтингте әскердің күш-қуатын есептегенде 55 фактор ескерілген. Бірақ мемлекеттердің ядролық қуаты, қазіргі экономикалық ахуалы, саяси және әскери көшбасшылығы ескерілмейді.

 

 

Соңғы жаңалықтар