Қазақстанның алтынвалюта қоры қанша

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тамызда Қазақстанның халықаралық резервтері 382 млн долларға өсіп, 86,5 млрд долларды құраған. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы халықаралық резервтер тамыз айында 382 млн долларға өсіп, 86,5 млрд долларды құрады. Оның ішінде Ұлттық банктің алтынвалюта активтері – 32,7 млрд долларды, Ұлттық қордың активтері – 53,8 млрд долларды құрады.

Республикалық бюджетке 3,3 трлн теңге трансферттер бөлу үшін жыл басынан бастап Ұлттық қордың валюталық активтері 3,3 млрд долларға сатылды. Теңгемен түскен түсімдер де пайдаланылды. Мұнай бағасының едәуір өсуі аясында Ұлттық қорға түсімдер жыл басынан бері шамамен 3,3 есеге ұлғайып, 4,6 трлн теңге болды», - деді ол.

Оның айтуынша, Ұлттық қордың орташа жылдық кірісі құрылған кезден бері тұңғыш рет 3,05%-ға жетіп отыр.

«Соңғы 5 және 10 жылда бұл көрсеткіш жылдық мәнде 1,29% және 1,39% болған еді», - деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары.


Соңғы жаңалықтар