+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қазақстанның алтын-валюта резерві 35 млрд доллардан асты

2020 жылғы 12 тамыз 21:03
Бөлісіңіз:
Қазақстанның алтын-валюта резерві 35 млрд доллардан асты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде алтын-валюта резервтері бір айда 2,4 млрд долларға ұлғайып, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдын ала деректер бойынша алтын-валюта резервтері бір айда 2,4 млрд долларға ұлғайып, шілденің соңында 35,3 млрд долларға жетті.

«Әлемдік экономиканың атап айтқанда, пандемиядан туындаған белгісіздігі, сондай-ақ әлсіз доллар аясында өткен айда алтынның бағасы бір унция үшін 1771 доллардан 1975 долларға дейін немесе 12%-ға өсті. Алтын портфелінің өсуі 2,3 млрд доллар болды, бұл 2012 жылдан бері алғаш рет 35 млрд доллар белгісінен асып түскен алтын-валюта активтері өсуінің негізгі драйвері болды»,– делінген хабарламада.

Банктің хабарлауынша, бұл АҚШ билігі Сovid-19 пандемиясының таралу салдарымен күресте экономиканы қолдау бойынша бұрын-соңды болмаған шараларды қабылдағаннан кейін, инвесторлар мен нарықтың басқа қатысушыларының иелігіндегі АҚШ долларындағы артық өтімділіктің едәуір көлемі алтын бағасының өсуіне қолдау көрсететін қосымша фактор болды.

Бұл ретте, егер АҚШ ФРЖ елдегі экономикалық белсенділікті қолдау үшін қабылданған шаралармен шектелетін болса, сондай-ақ COVID-19 вирусының жағдайы тұрақтанған жағдайда алтын нарығындағы құбылмалылық сақталады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT