+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Қазақстанның алтын-валюта резерві 2,4 млрд долларға артты

2020 жылғы 11 тамыз 12:06
Бөлісіңіз:
Қазақстанның алтын-валюта резерві 2,4 млрд долларға артты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның алтын-валюта резервтері 2,4 млрд долларға артты. Бұл туралы ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев бүгінгі Үкімет отырысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Азық-түлік келісімшарт корпорациясының бидайды қандай бағада сатып алатыны айқындалды Қазақстанның астық экспорты артады Астық өнімдерінің экспорттық әлеуеті өте жоғары – Асқар Мамин

«Алдын ала деректер бойынша биылғы шілденің соңында халықаралық жалпы резервтер 3,2 пайызға ұлғайып, 93,5 млрд АҚШ долларын құрады. Шілде айында Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері, ең алдымен, алтын бағасының өсуіне байланысты 35,3 млрд АҚШ долларына дейін 7,3 пайызға немесе 2,4 млрд АҚШ долларына артты», - деді ҰБ басшысы.

Оның сөзіне қарағанда, Ұлттық қордың активтері биылғы шілдеде 1,6 млрд АҚШ доллары сомасында алған инвестициялық кіріс есебінен бір айда 0,5 млрд АҚШ долларына (+0,9%) ұлғайып, 58,2 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл ретте кепілді трансферт бөлу мақсатында Ұлттық қордың активтерін 1,1 млрд АҚШ долларына конвертациялау жүзеге асырылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT