Қазақстанның алты облысында қар жауып, 8 градус аяз болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауа райының бұзылуына байланысты Қазақстанның бірқатар өңірінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

29 қыркүйекте Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында, 30 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) болады.

29-30 қыркүйек және 1 казан күндері - Ақтөбе, Қостанай облыстарында, 30 қыркүйек пен 1-2 қазан - Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында, 1-3 қазан - Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасы 3-8 градус аязға дейін төмендейді.

30 қыркүйек және 1-2 қазан күндері Қызылорда облысының кей жерлерінде топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді.

29 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) болады. 30 қыркүйек пен 1-2 қазан күндері ауа температурасы минус 3-8 градусқа дейін төмендейді.

Соңғы жаңалықтар