+7 (701) 759 90 19
USD 425.77 EUR 494.28
RUB 5.95 CNY 66.14
Jańalyqtar

Қазақстанның Әлеуметтік кодексі қашан қабылданады

2021 жылғы 28 қыркүйек 14:00
Бөлісіңіз:
Қазақстанның Әлеуметтік кодексі қашан қабылданады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның Әлеуметтік кодексінің тұжырымдамасы әзірленіп жатыр. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Нұр-Сұлтан әкімдігі үлескерлерден қаржы алуға құқығы жоқ құрылыс ұйымдарының тізімін жариялады ҚР Парламенті ТМД кеңістігіндегі қауіпсіздікті нығайтуға ықпал ететін құжатты қабылдады Сенат ТМД елдерінің минадан тазартудағы бірлескен бөлімшесіне қатысты заңды қабылдады

«Министрлік Қазақстан Республикасының «Әлеуметтік кодексінің» тұжырымдамасын дайындап жатқанын бөлек атап өткім келеді. Тұжырымдама 2022 жылы қабылданады, ал Кодекс 2023 жылы қабылданады деп жоспарлануда», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, Әлеуметтік кодекстің негізгі жаңашылдығы – әлеуметтік қызметті жетілдіру, арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша жеке тарау қосу.

«Әлеуметтік қызмет моделі жаңартылады. Әлеуметтік қызметкерлерді аккредиттеу және аттестаттау, жан басына қаржыландыру жаңа моделі енгізіледі. Әлеуметтік қызметкерлердің мәртебесі көтеріледі және тағы басқа іс-шаралар қабылданады», - деді Ерлан Әукенов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT