Қазақстанның ақылы жолдарында сараланған тариф енгізілмек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның ақылы жолдарында сараланған тариф енгізілмек. Бұл туралы ҚазАқпарат «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының баспасөз-қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«2019 жылдың 19 маусымынан бастап елдегі ақылы жолдарда жедел қозғалысты қамтамасыз етіп, уақыт үнемдеу мақсатында, көліктердің топтануына жол бермей, төлем қабылдау бекеттерінің өткізу мүмкіндігін арттыру үшін ҚР Инвестиция және даму министрінің, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық дамуы министрінің бұйрығымен сараланған тариф енгізіледі», - делінген хабарламада.

«ҚазАвтоЖол» өкілдері тек жеңіл көліктер үшін қолма-қол төлем алдын ала төлеуден 2 есе қымбат болатынын ескертіп отыр. Мұндай тәртіптің әзірге жүк көліктеріне қатысы жоқ.

Учаскелер:

  • Нұр-Сұлтан - Щучинск (бір бағытқа: қолма-қол - 400 теңге, алдын ала «онлайн» төлем - 200 теңге)
  • Нұр-Сұлтан - Теміртау (бір бағытқа: қолма-қол - 400 теңге, алдын ала «онлайн» төлем - 200 теңге)
  • Алматы - Қапшағай (бір бағытқа: қолма-қол - 200 теңге, алдын ала «онлайн» төлем - 100 теңге)
  • Алматы - Қорғас (бір бағытқа: қолма-қол - 600 теңге, алдын ала «онлайн» төлем - 300 теңге)

Қалай төлу керек:

  • Payway.kz
  • Интернет-банкинг: Kaspi bank, Halyk bank, Сбербанк, Eurazian Bank, Capital Bank, АТФ Банк
  • Терминалдар: QIWI, Касса 24, CyberPlat, Tenge
  • Электронды әмияндар: Касса 24, QIWI, Wooppay, Salempay
  • Телефон теңгерімінен (Beeline *505# немесе Beeline, Activ, Kcell желілерінен 5505 нөміріне SMS арқылы «жол жүру», сөзімен бірге «сома» мен«мемлекеттік нөмір» деректерін жіберу)
  • Қосымша: KazDriver
  • Заңды тұлғалар үшін келісімшарт қорытындысы

null

Соңғы жаңалықтар