Қазақстанның «ақылды қаласы» орналасқан ауданға жаңа әкім тағайындалды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Ақкөл ауданының активiне жаңа әкiмдi таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Президентi Әкiмшiлiгiнiң және аудандық мәслихаттың келiсiмдерi бойынша Алпысбай Қайыржанов Ақкөл ауданының әкімі болып тағайындалды.

Алпысбай Қуандықұлы 1983 жылы туған, Ақмола облысы Шортанды ауданының тумасы. М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын бітірген.

2006-2009 жылдары жеке меншік секторда істеді.
2009-2010 жылдары - Шортанды ауданы Шортанды кенті әкімінің орынбасары, кейін әкімі.
2010-2014 жылдары Шортанды ауданы ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы лауазымын атқарды.

Осы тағайындауға дейін Шортанды ауданы әкімінің орынбасары болып істеді.

Еске сала кетсек, осы ауданның орталығы Ақкөл қаласында «Smart Aqkol» жобасы жүзеге асырылып жатыр.

Соңғы жаңалықтар