Қазақстанның адами әлеуеті инновациялар мен цифрлық өндірісті дамытуға қолайлы – Тоқаев

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Digital Bridge 2022» халықаралық технологиялық форумында Қазақстанның адами әлеуетіне тоқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ауқымды адами, зияткерлік және ғылыми әлеуеті болғандықтан Қазақстан - инновацияларды, цифрлық өндіріс пен шығармашылықты дамыту үшін бірегей кеңістік болып табылады», - деді Президент.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев компаниялар арасындағы цирфлық бәсеке мемлекеттер арасына ойысқанын еске салды.

«Бүгінде цифрлық трансформация жекелеген компаниялардың ғана емес, бүкіл елдер мен өңірлердің бәсекеге қабілетін айқындаушы фактор болып табылатыны құпия емес», - деді Мемлекет басшысы.



Соңғы жаңалықтар