Қазақстанның 9 өңірінде ескерту жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда мен еліміздің 8 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазгидрометтің хабарлауынша, елордада 22 қыркүйекте 20 м/с жылдамдықта қатты жел соғады.

Сондай-ақ, ауа райы 22 қыркүйекте Маңғыстау, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында да бұзылып, қатты жел соғады.

Солтүстік Қазақстан мен Батыс Қазақстанда күн суытып, түнде кей жердерде 1-3 градус үсік жүруі мүмкін.



Соңғы жаңалықтар