+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Қазақстанның 9 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2020 жылғы 10 тамыз 21:23
Бөлісіңіз:
Қазақстанның 9 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 11 тамызда Қазақстанның 9 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ақмола облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Нұр-Сұлтан қаласында найзағай жарқылдап, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр , кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі . Кей жерлерде найзағай, күндіз кей жерлерде дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.

Түркістан облысының кей жерлерінде солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкент қаласында солтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.

Қостанай облысының күндізкей жерлерінде қатты жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерінде 18 м/с күтіледі.

Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады.


Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-100 %


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT