Қазақстанның 9 өңірі «қызыл» аймақта тұр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Коронавирусқа қатысты өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

4 мамырдағы мәлімет бойынша: «қызыл» аймақта – Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар, Жамбыл облыстары орналасқан.

«Сары» аймақта – Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Алматы облыстары тұр. «Жасыл» аймаққа – Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары енген. Еске салсақ, 3 мамырда «сары» аймақта болған Жамбыл облысы «қызылға» өтті.



Соңғы жаңалықтар