Қазақстанның 8 өңірінде үсік жүреді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат ­ - Қазақстанның 8 өңірінде күн салқындап, қар жауады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазгидрометтің хабарлауынша, 11-12 қыркүйек күндері  Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында түнде, 12 қыркүйекте Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында тағы да түнде ауа температурасы 1-3°С төмендеп, жауын, қар жаууы мүмкін.

Еске сала кетейік, бұған дейін Астана қаласы мен Солтүстік Қазақстан  облысында қар жауатындығы туралы хабарлаған болатынбыз.  

Соңғы жаңалықтар