Қазақстанның 8 қаласында ауа ластанады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін еліміздің 8 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2022 жылғы 30 қарашада Астана, Алматы, Көкшетау, Павлодар, Петропавл және Риддер (2 дәрежелі), Семей (2 дәрежелі), Өскемен (2 дәрежелі) қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі»,-делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Соңғы жаңалықтар