Қазақстанның 8 боксшысы әлем чемпиондығынан үмітті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Санкт-Петерборда жасөспірімдер арасында бокстан әлем чемпионаты өтіп жатыр.

null null
4-ші күннің қорытындысында тағы бір боксшымыз жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Бокс федерациясына сілтеме жасап.

Бұл күні 60 келі салмақ санатында жұдырықтасқан  боксшымыз Санатәлі Толтаев  өзбекстандық Билобек Мирзарахимовке есе жіберді. Ал 75 келіде шаршы алаңға шыққан  Бек Нұрмағанбет австралиялық Джек Гиппті ұтып, келесі айналымға жолдама алды.

null  

Бүгін  52 келіде Айдос Арапов армян боксшысы Жирайра Саргсянмен, 64 келіде Ілияс Мирхатұлы кубалық Дамьен Лескайллемен, 81 келіде Бекзат Нұрдәулетов өзбек Санжар Турсуновпен, 91 келіде Мұхамеджан Тайбағаров словак Давид Михалекпен жұдырықтасады.

Айта кетерлігі, бұған дейін қазақстандық Евгений Павлов (49 келі) кубалық Жоржи Гринанға есе жіберіп қойған еді. Ал Айдос Арапов (52) ресейлік Николай Матвеевті, Саматәлі Толтаев (56 келі) ирландтық Джеймс Куланды жеңген болатын.

Осылайша, екі боксшымыз жарыс жолынан шығып қалса, 8 боксшымыз алдағы уақытта жүлделі орындар үшін шаршы алаңға көтерілетін болады. Әлем чемпионатының жартылай финалы 25 қарашада, ақтық кездеулер 26 қарашада өтеді.

null   

Соңғы жаңалықтар