+7 (701) 759 90 19
USD 385.01 EUR 425.78
RUB 6.05 CNY 54.68
Jańalyqtar

Қазақстанның 79 су айдындарынан 95,3 км ау жиналды

2019 жылғы 19 тамыз 07:32
Бөлісіңіз:
Қазақстанның 79 су айдындарынан 95,3 км ау жиналды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен Қазақстанда кең ауқымды «Аулардан таза – су айдындары» атты экологиялық акциясы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Даниал Ахметов: Өскеменнің экологиялық мәселесін шешу үшін арнайы бағдарлама әзірленді Маңғыстауда заңсыз қоқыс төгу көбейіп барады Қазақстандықтардың экологиялық жағдайға қызығушылығы артты - министр

Акцияға еліміздің әр өңірінен 5 100-ден аса мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, табиғат қолданушылардың, экологиялық ұйымдардың өкілдері мен еріктілер қатысты.

Қатысушылар 79 су айдындары мен учаскелерден 95,3 км синтетикалық тор мен жағалаулардан 121 тонна қоқыс жинады.

431 суда жүзу құралдары 61 685 га ауданда өзен мен көлдерді тазалап, су түбіндегі ауларды жинау үшін сүңгуірлер жұмылдырылды.

Акцияның басты мақсаты – су айдындарды тасталған және заңсыз қойылған аулардан тазалап, қоғамның назарын өзен мен көлдердің ластану мәселесіне аударып, балық ресурстарын сақтау.

Қазақстанның биологиялық әртүрлілігін сақтауға арналған бұндай экологиялық шара әлі өз жалғасын табады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT