Қазақстанның 7 өңірінде үсік жүреді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Қазақстанның басым бөлігінде антициклон ағымына байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Тек республиканың солтүстік, орталық және шығысының кей жерлерінде фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады. Күндіз және түнде кей жерлерде жауын-шашын жауады, кей жерлерде жел күшейеді, тұман түседі.

Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болып, күндіз Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде түнде 1-3 градус үсік күтіледі.

Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жамбыл облысының кей жерлерінде, Карағанды облысының оңтүстік, оңтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Соңғы жаңалықтар