+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Қазақстанның 7 өңірінде дизель отынының бағасы төмендетілді

2021 жылғы 16 шілде 22:17
Бөлісіңіз:
Қазақстанның 7 өңірінде дизель отынының бағасы төмендетілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жанармай құю станциялары монополияға қарсы ведомствоның дизель отынына бағаны төмендету жөніндегі талаптарын орындады. Бұл туралы ҚазАқпарат Бәсекелестікті қорғау агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған дейін мамыр айынан бастап еліміздің оңтүстігінде дизель отынына бағаның өскені туралы хабарланған болатын.

Осы орайда, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жүргізілген талдау қорытындысы бойынша дизель отыны бағасының өсуі алыпсатарлық сипатқа ие екенін анықтады.

Осыған байланысты, 19 АЖҚС-қа дизель отынына бағаны төмендету арқылы сөз байласу белгілерін жою қажеттілігі туралы хабарлама жіберілді.

Хабарламаны орындау мерзімі оны алған күннен бастап күнтізбелік 30 күнді құрайды. Хабарламаны орындамау монополияға қарсы тергеу жүргізуге негіз болады.

Бұл хабарламаларды нарық субъектілерінің көпшілігі мерзімінен бұрын орындады және бағаны төмендетуге дайын екендіктерін хабарлады.

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Алматы облыстарында әр литр бағасы 2-ден 5 теңгеге дейін төмендетілді.

Сонымен қатар, осы жылдың 1 шілдесінен бастап дизель отынына акциз бағасы тоннасына 540 теңгеден 9 мың 300 теңгеге дейін көтерілгенін атап өту қажет, бұл фактор кейін бағаға әсер етуі мүмкін.

Бағалық сөз байласуға және ЖЖМ бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу мәселесі Агенттіктің тұрақты бақылауында.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT