Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 379.36 EUR 424.47
RUB 5.88 CNY 54.95
Jańalyqtar

Қазақстанның 7 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2019 жылғы 18 мамыр 15:53 839
Бөлісіңіз:
Қазақстанның 7 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанның бірқатар өңірінде бұршақ жауып, үсік жүреді Қостанай облысында найзағай ойнап, бұршақ жауады

19 мамырда Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.

Түркістан қаласында күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.

19 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, бұршақ жауады. Өңірде дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Түнде кей жерлерде жел екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, 23-28 м/с дейін жетеді.

Петропавл қаласында осы күні найзағай ойнап, бұршақ жауады. Қалада дауыл тұруы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.          

19 мамырда күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, шаңды дауыл, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с сақталады.

19 мамырда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, батыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде, күндіз 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай қаласында осы күні найзағай жарқылдап, батыстан жел соғады. Желдің қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді.

19 мамырда Ақмола облысында найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батыстқа ауысады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с.

Нұр-Сұлтан қаласында түнде 19 мамырда найзағай ойнайды. Таңертең және күндіз солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні - 15-20 м/с.

19 мамырда Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан cоғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, кей жерлерде екпіні 15-20, күндіз 25 м/с жетеді.

Осы күні Өскемен қаласында күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан cоғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, 15-20 м/с дейін жетеді. Ал Семей қаласында күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан cоғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, 15-20 м/с дейін күшейеді.

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
MURAǴAT