Қазақстанның 7 облысында аптап ыстық күтілуде

None
None
АСТАНА. Шілденің 4-і. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның аумағының басым бөлігіне антициклон өз әсерін тигізеді. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстар ауа толқыны аймағында болады, деп хабарлайды еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, күндіз Атырау, Алматы, ал түнде Қостанай облыстарының кейбір жерлерінде желдің қуаты секундына 15-20 метрге дейін күшейеді деп күтілуде.

Қызылорда облысының кейбір өңірінде топырақ бұрқап, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, сонымен қатар Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл облыстарының кейбір өңірлерінде аптап ыстық күтілуде.

Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, сондай-ақ Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл облыстарының кейбір өңірлерінде 5 сыныпты өрт қаупі бар.

Синоптиктердің атап өтуінше, таяудағы 4 күннің ішінде республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс тау өзендерінде су деңгейінің ауытқуы байқалады. Ал Іле мен Сырдария өзендерінде судың артуы сақталады.

Соңғы жаңалықтар