Қазақстанның 7 қаласында ауа сапасы төмендейді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК мамандарының болжамы бойынша, 15 ақпан, бейсенбі күнгі метеорологиялық жағдайлар Қазақстанның 7 қаласының атмосферасында ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Қолайсыз метеожағдайлар Ақтөбе, Атырау, Ақсай, Орал, Балқаш (күндіз), Қарағанды, Теміртау қалаларында ауада ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал етеді.

Алматы, Астана, Ақтау, Жаңаөзен, Ақсу, Екібастұз, Балқаш (түнде), Павлодар, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Петропавл,Талдықорған, Тараз, Өскемен, Шымкент қалаларында метеожағдайлар ауада ластаушы заттардың таралуына жағдай жасайды.

Еске салайық, ауаның ластануына болжам жасауда атмосферадағы зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық факторлар, атап айтқанда, желсіз ауа, баяу жел, тұман, инверсия әсерін тигізеді.

Соңғы жаңалықтар