Қазақстанның 7 қаласында ауа сапасы нашарлайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 6 желтоқсан күні Қазақстанның 7 қаласында метеорологиялық жағдай жайсыз болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Атырауда түнде,  Ақтөбе, Көкшетау, Талдықорған, Орал, Өскемен және Шымкент қалаларында метеорологиялық жағдай жағымсыз болады. Атмосферада ластаушы заттар шоғырлануы ықтимал.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Соңғы жаңалықтар