Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.05 EUR 428.25
RUB 5.84 CNY 54.65
Jańalyqtar

Қазақстанның 7 азаматы Кореяда ауыр жұмыстан көз жұмған

2019 жылғы 1 сәуір 16:56 2446
Бөлісіңіз:
Қазақстанның 7 азаматы Кореяда ауыр жұмыстан көз жұмған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Кореяда ауыр жұмыс салдарынан Қазақстанның 7 азаматы қаза тапты. Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мендегі ақпаратқа сәйкес, осы жылдың басынан бері мыңнан астам Қазақстан азаматы Оңтүстік Кореядан өз еркімен елге оралды. Депортацияланғандары да бар. Олардың саны мұнан әлдеқайда көп. Әзірше деректер жария етілмейді. Бұл операция жалғасып жатыр. Ол жақта қалған Қазақстан азаматтары әлі де баршылық. Бізге қайғылы хабарлар да келіп түсіп жатыр. Соңғы жарты жылдың ішінде Оңтүстік Корея аумағында  заңсыз жүрген 7 азаматымыз қайтыс болды. Жасы 30 бен 40-тың арасында, жап-жас жігіттер», - деді Айбек Смадияров.

Осы ретте ресми өкіл олардың неден қаза тапқанын да айтып берді.

«Қара жұмыстан кешке үйлеріне шаршап келіп ұйықтағаннан кейін таңертең оянбай қалған. Оларда медициналық сақтандыру жоқ, жұмыс істеп жатқан мекемесімен келісімшарты болмағандықтан ешқандай құқықтары жоқ. Туыстары денесін елге жеткізетін кезде біраз қиналды. Себебі бір мүрдені Оңтүстік Кореядан елге жеткізуге 6-7 мың доллар қаражат кетеді», - деді ол.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT