Қазақстанның 64 педагогы төсбелгі мен 2,5 млн теңгеден алады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде «Үздік педагог» жыл сайынғы байқауы өтуде. Бүгін республикалық комиссия үміткерлерді іріктеу бойынша алғашқы отырысын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Білім және ғылым министрлігінен мәлім еткендей, «Үздік педагог» байқауы 2012 жылдан бері дәстүрлі өткізіліп келеді.

«Алты жыл ішінде конкурсқа 27 556 ​​мұғалім қатысты. Оның ішінде мектепке дейінгі және орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 304 мұғалімі жеңімпаз атанды. Олар 1000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақшалай сыйақыға және «Үздік педагог» төсбелгісіне ие болды. Ағымдағы жылы «2018 жылдың үздік педагогы» атағын тағайындау бойынша республикалық комиссияның қарауына мектепке дейінгі және орта білім беру саласы  педагогтарынан  - 109, техникалық және кәсіптік білім саласынан 37 құжат келіп түсті», - деп мәлім етті ведомствоның баспасөз қызметінен.

Атап өтілгендей, бүгін министрлікте үміткерлерді іріктеу бойынша республикалық комиссияның алғашқы отырысы өтті.

Конкурстың  қорытындысы бойынша 64 жеңімпазға «2018 жылдың үздік педагогы» төсбелгісі, куәлік, сондай-ақ 1000 АЕК сомасында сыйақы табыс етіледі.      

Соңғы жаңалықтар