Қазақстанның 6 қаласында ауа сапасы нашарлайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК еліміз қалаларындағы ауа сапасының метеорологиялық ахуалы туралы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Синоптиктердің мәліметінше, 31 желтоқсан күні Шымкент, Ақтөбе, Теміртау, Балқаш, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында қолайсыз метеожағдай қалыптасады.

Қазақстанның өзге шаһарларында ауаның ластануы күтілмейді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Соңғы жаңалықтар