Қазақстанның 500 ірі компанияларының көшін «Теңізшевройл» бастады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 2014 жылы Қазақстанның 500 ірі компаниясы 26,4 трлн теңге көлемінде табыс тапты. Өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш 1,1%-ға артты.

Мұндай ақпаратты National Business сараптама журналы мен McKinsey & Company консалтинг компаниясы жыл сайынғы NB500 рэнкингінде келтірді. NB500 рэнкингінде «Теңізшевройл», «Қарашығанақ», «Karachaganak Petroleum Operating» компаниялары көш бастап тұр. 2014 жылы аталған компаниялар 4,1 трлн, 3,2 трлн, 2,2 трлн теңге табыс тапты. Рэнкингтің үздік бестігіне «Қазақстан темiр жолы» (881,2 млрд теңге) мен Eurasian Resources Group (817,4 млрд теңге) кірді. Мұнай-газ кешені компанияларының жалпы кірісі 2014 жылы 13 604 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 2,3 %-ға кем. Тау-кен өндірісі компаниялары 3311 млрд теңге (+5,9%), қаржы секторы - 2125 млрд теңге (+10,3%), көлік - 1646 млрд (+10,6%), құрылыс - 1478 млрд(+6,3%), өңдеу өнеркәсібі - 1030 млрд теңге (+17,3), энергетика саласы - 847 млрд (+1,9%), IT және телекоммуникация - 717 млрд (+9,9%), FMCG - 633 млрд (+5,6%), агроөндіріс кешені - 347 млрд теңге (-17,1%). Ең жақсы өсім көрсеткен сала - сауда саласы. 500 компанияның тізімін «Арыстан ПК» ЖШС қорытындылады. Аталған кәсіпорын бидай өнімдерін өндірумен айналысады.

Соңғы жаңалықтар