Қазақстанның 5 өңірінде тауарларды көтерме тарату орталықтары салынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның 5 өңірінде тауарларды көтерме тарату орталықтары салынды. Бұл жайында бүгін ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Азамат Асқарұлы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бағаны қажетті деңгейде ұстап тұру үшін отандық өндірісті қалыпқа келтіруіміз қажет. Бүгінгі күні Қазақстанда тұтынылатын құс еті мен қанттың 50 пайызын импорт құрайды. Сонымен қатар республикада көкөніс өнімдерінің өндірісі жеткіліксіз екендігін нақты айтуға болады. Осыған байланысты біз үшін тауарларды дұрыс сақтау жүйесі мен өңірлерге бөлуді дамытудың маңызы зор. Бұл үшін министрлік сауда бөлу жүйесін жасайды. Ол өндірушілерді, тауар-логистика компанияларын, рейтерлерді, сондай-ақ базарлар мен үй жанындағы дүкендерді біріктіретін болады», - деді вице-министр ведомствоның Мемлекет басшысының таяудағы Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіруге арналған алқа отырысында.

Бұл үшін оның айтуынша, Сауда және интеграция министрлігі еліміздің бес өңірінде, атап айтқанда, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында көтерме тарату орталықтарын салады. Сондай-ақ үш өңірде тарату орталықтарын салу жоспарланған.

«Осындай орталықтарды салу біз үшін тиісті сақтау орындарының аздығын толықтыратын көптеген тиімсіз делдалдарды болдырмайтын, тауарларды өңірлерге қажеттілігі бойынша бөлетін инфрақұрылымдық кешен жасайды», - деді Азамат Асқарұлы.




Соңғы жаңалықтар